№ 607 от 22.08.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың 16 қарашада Кымбат Еркеновна Бекеноваға берілген №0000661 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 02 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.Е.Бекенованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: К.Е.Бекенованың 2023 жылдың 02 тамыздағы арызы және Астана қаласы Әділет департаментінің 2023 жылдың 02 тамыздағы 2-05/24743 ұсынысы.
Вице-министр А.Мұқанова