№ 606 от 22.08.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Батырхан Кайратулы Жусуповке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 12 желтоқсанда берілген № 13019288 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.К. Жусуповтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.К. Жусуповтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 1-05/24835 ұсынысы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 14 тамыздағы сот ұйғарымы.
Вице-министр А. Мұқанова