№ 593 от 16.08.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың
6 сәуірде Сансызбай Балташұлы Ибраевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0005473 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті:
1) С.Б. Ибраевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) С.Б. Ибраевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 11.08.2023 жылғы №06-19/9410ұсынысы, 01.07.2023 жылғы № 20-776-23-0000001 қайтыс болу туралы акт жазбасы.
Вице-министр А. Мұқанова