Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 592 от 16.08.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың 19 тамызда Луиза Фархатовна Исахановаға берілген №0003073 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 07 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.Ф.Исаханованың назарына   жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Л.Ф.Исаханованың 2023 жылдың 07 тамыздағы арызы және Астана қаласы Әділет департаментінің 2023 жылдың 07 тамыздағы 2-05/25284 ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                     А.Мұқанова

Дата публикации
28 августа 2023