№ 583 от 15.08.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Спандияр Балтабекович Аширкуловке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 02 қырқүйекте берілген № 14012679 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.Б. Аширкуловтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Б. Аширкуловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 02-23-06/2135-И ұсынысы, 20.07.2023 ж. Шымкент қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының ұйғарымы.
Вице-министр Б. Молдабеков