Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 581 от 15.08.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нұрлан Көлбайұлы Өмірбайға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы 31 қантарда берілген № 17001575 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Түркістан облысы Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус Н.К. Өмірбайдың мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.К. Өмірбайдың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 08.08.2023 ж. № 02-69-6/1361-И ұсынысы, 10.07.2023 ж. қайтыс болу туралы анықтама.

 

 

Вице-министр                                                                       Б. Молдабеков

Дата публикации
16 августа 2023