№ 580 от 14.08.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1998 жылдың
25 сәуірде Мақсұт Романбекұлы Әбілқайырға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000028 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 05 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты М.Р.Әбілқайырдың, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 21.07.2023 жылғы шығ. № 650/23 өтінішхаты, М.Р.Әбілқайырдың өтініші.
Вице-министр Б.Молдабеков