Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 572 от 10.08.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылы 25 шілде Сәкен Сатыбалдыұлы Такеновтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001340 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 11 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
С.С. Такеновтың, адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2023 жылдың 8 тамыздағы 06-19/9185 ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                       Д. Ваисов

Дата публикации
11 августа 2023