№ 568 от 10.08.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Тан-Шолпан Даировна Нурмухановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 20 маусымда берілген № 12004880 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2024 жылдың 30 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.Д. Нурмуханованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.Д. Нурмуханованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус Т.Д. Нурмуханованың өтініші және Астана қаласы Әділет департаментінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 2-05/17090 ұсынуы.
Вице-министр Д. Ваисов