Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы

№ 80 от 01.02.2023

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі – Операциялық жоспар) бекітілсін.

2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:

1) Операциялық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы туралы есептік ақпаратты Құжаттарды есепке алу және бақылау департаментіне ұсынсын.

3. Құжаттарды есепке алу және бақылау департаменті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы бойынша есептік ақпаратты Аппарат басшысына ұсынсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аппарат басшысының м.а.                                                Н. Нұрмаханбетова    

Дата публикации
03 августа 2023