№ 545 от 02.08.2023
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылғы 14 тамызда Динара Жандырбаевна Адиловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 13012763 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Шымкент қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Ж. Адилованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Шымкент қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 28 шілдедегі ұсынысы және Шымкент қаласы азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 мамырдағы үйғарымы.
Вице-министр Б. Молдабеков