"Таза парақтан" атты реттеуді енгізу шеңберінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндетті талаптардың тізілімі туралы

Әділет министрлігі реттеушілік актілерді қайта қарау және міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес сараптамалық жұмыс тобымен бірлесіп, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен «Құқық саласындағы қызмет» саласы бойынша 19-топтың 19-1-кіші тобы бойынша (19 топ 19-1 кіші топ) реттеушілік актілерге талдау жүргізіп, аяқтады.

Реттеуші актілерді қайта қарау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жұмыс тобы екі бағытты қарастырды: заңды тұлғаларды тіркеу саласында және Заң консультанттарының қызметі саласында.

Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында 2 реттеу актісі қаралды (1 заң, 1 заңға тәуелді акт), 209 талап анықталды, оның ішінде заңнаманың 6 талабы өзгертілуге тиіс. 

Заң консультанттарының қызмет бағыты бойынша 9 реттеу актісі (2 заң, 7 заңға тәуелді акт) қаралды, базалық шарттарға сәйкес келетін және өзгерістерді (толықтыруларды) талап етпейтін 136 талап анықталды.

Осылайша, осы сала бойынша жұмыс тобы барлығы 3 заңды, 8 заңға тәуелді актіні қарады, 345 талап анықталды, оның ішінде 6 заң талаптары өзгертілуге тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында тұрған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде тиісті түзетулер әзірленіп, енгізілді.

Дата публикации
28 июля 2023