№ 526 от 25.07.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың 20 сәуірдегі Туякова Диана Жамалбековнаға берілген №18007977 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 01 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Ж.Туякованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Д.Ж.Туякованың 2023 жылдың 10 шілдедегі арызы және Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2023 жылдың 13 шілдедегі 02-16-05/12683 ұсынысы.
Вице-министр Б. Молдабеков