№ 507 от 20.07.2023
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылы 5 мамырда Қабылда Бекбосынович Кадировтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003059, мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
2. Ұлытау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты К.Б. Қадировтың Ұлытау облыстық адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі:Ұлытау облысы Әділет департаментінің 05.07.2023 жылғы №6-33/512-И өтінішхаты, К.Б. Кадировтың 2023 жылдың 03 шілдедегі өтініші.
Вице-министр Б. Молдабеков