Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 505 от 20.07.2023 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың
29 ақпанында Динара Ғабдулқызы Садудың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12000652 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 1шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаментіне осы бұйрықты Д.Ғ. Садуға, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 23.06.2023 жылғы №06-21/7409 өтінішхаты, Д.Г. Садудын 20.06.2023 жылғы өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                       Б. Молдабеков

Дата публикации
27 июля 2023