№ 523 от 24.07.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мейіржан Мерболатұлы Отарғалиға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 1 сәуірде берілген № 22006093 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қостанай облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.М. Отарғалидың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус М.М. Отарғалидың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.М. Отарғалидың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Есіл аудандық сотының 11.05.2023 жылғы шешімі (26.06.2023ж. заңды күшіне енген).
Вице-министр А. Муканова