Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

№ 471 от 11.07.2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeнің 14-тармағының 264) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрі

 

А. Ескараев

           

Каз
Дата публикации
20 июля 2023