№ 499 от 18.07.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылдың
13 мамырында Султан Мубаракович Турехановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000025 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 15 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты С.М.Турехановтың, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 10.07.2023 жылғы шығ. № 1-344 өтінішхаты, С.М.Турехановтың өтініші.
Вице-министр Б.Молдабеков