Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 496 от 18.07.2023

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылғы 02 қыркүйекте Спандияр Балтабекович Аширкуловке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14012679 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус С.Б. Аширкуловтың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Шымкент қаласы азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы үйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                   Б. Молдабеков

Дата публикации
19 июля 2023