Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 495 от 18.07.2023

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылғы 01 наурызда Динара Мұхамедсейтқызына нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002905 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д. Мұхамедсейтқызының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 2-05/21518 ұсынысы, Д. Мұхамедсейтқызының 04.07.2023ж. арызы.

 

 

Вице-министр                                                                   Б. Молдабеков

Дата публикации
19 июля 2023