Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 486 от 14.07.2023

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Зарина Рафиковна Азимоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2011 жылғы 15 наурызда берілген № 0003293 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Жамбыл облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус З.Р. Азимованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус З.Р. Азимованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус З.Р. Азимованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының 05.05.2023 жылғы шешімі (13.06.2023ж. заңды күшіне енген).

 

 

Вице-министр                                                                   Б. Молдабеков

Дата публикации
17 июля 2023