Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 481 от 13.07.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нурмахан Тоймаханович Сулейменовке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 17 мамырда берілген № 13007876 мемлекеттік лицензияның қолданысы алты айға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Т.Сулейменовтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.Т.Сулейменовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаменті 2023 жылғы 19 маусымдағы № 02-75-6/1045-И ұсынуы және 2023 жылғы 13 маусымдағы Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                               Б. Молдабеков

Дата публикации
17 июля 2023