Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 15-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Конкурстық комиссиясымен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына жүргізілген әңгімелесу мен дауыс беру нәтижесі бойынша Берик Беркимбаевич Сагиндыковтың кандидатурасын тағайындауға бірауыздан оң қорытынды шығарылды.