«Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту туралы»

№ 440 от 30.06.2023  

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-1-бабының 4-2)-тармақшасын сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандары:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесіне;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерге, кеңселерге, өнеркәсіптік, сауда объектілеріне және басқаларға;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдегі (жатақханадағы) пәтерге (бөлмелерге);

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке үйге, саяжайларға, гараждарға;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес электр беру желісіне;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес темір жолдарға;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес теміржол платформасына;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес көпірге;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес туннельге;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес өткерме жолға;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қалалық электр көлігіне;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес автомобиль жолдарына;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жағалауларға;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жасыл екпелерге;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес желілерге, су бұрғыштарға, коллекторларға және басқа да объектілерге;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жылу трассасына;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес газ құбырына, мұнай құбырына;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес байланыс желісіне;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес тұрақ орнына;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес қоймаға бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице - министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрі

 

А. Ескараев

 

Қосымша
Дата публикации
03 июля 2023