«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін «Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

№ 426 от 29.06.2023 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін «Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы».

1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп - қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;».

Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа  қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларында:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірінен және осы жер учаскесінің шеңберінде қайталанбайтын бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мынадай үлгіде құрылады: 20:015:004:165:1.

мұндағы 20:015:004:165 - жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

1-жер учаскесіндегі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі (коды)

 Бастапқы объекті үшін мысал: Астана қаласы Есіл ауданы 199 көшесі 36-үй 21:320:135:0722:1 болып көрінеді

мұнда 21:320:135:0722 - жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.

1-негізгі құрылыстың реттік нөмірі.»;

25 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірінен және осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде қайталанбайтын кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мына ретте құрылады:

20:015:004:165:1:25

мұндағы: 20:015:004:165:1-осы Қағидалардың 14-тармақтарында белгіленген тәртіппен берілген бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөміріне сәйкес бөлігі;

25 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі (коды).

Кейінгі объект үшін мысал: Астана қаласы Есіл ауданы 199 көшесі 36 үй 106 пәтер 21:320:135:0722:1:106

мұндағы 21:320:135: 0722 жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

1-негізгі құрылымның реттік нөмірі.

106- кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.».

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице - министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрі

 

А. Ескараев

Қосымша
Дата публикации
03 июля 2023