Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiліп отырған орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелері бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                               А.Н. Есқараев

Қосымша
Дата публикации
03 июля 2023