Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 437 от 30.06.2023 

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2015 жылы 18 тамызда Данияр Жанибекович Абилкасимовтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №15015221 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Д.Ж. Абилкасимовтың, адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директорының м.а. В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2023 жылдың 15 маусымдағы №06-19/6982 ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                              Б. Молдабеков

Дата публикации
01 июля 2023