№ 424 от 27.06.2023
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылы 22 ақпанда Максут Шаймуратович Асатовтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 16003417 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты
М.Ш. Асатовтың, адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнын хабардар ету бойынша бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 238/23 өтініш хаты.
Вице-министр Д. Ваисов