№ 376 от 13.06.2023
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылғы 17 наурызда Нурлан Нурбаевич Сердалиевке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001709 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Н.Н. Сердалиевтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны адвокаттың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Н.Н. Сердалиевтың 30.05.2023 жылғы өтініші, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 05.06.2023 жылғы №172 өтінішхаты.
Вице-министр Б. Молдабеков