Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

А.Н. Есқараев

Қосымша
Дата публикации
01 июля 2023