№ 404 от 23.06.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Галым Бурктпаевич Исеновке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы 06 қазанда берілген № 0000605 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Б. Исеновтің назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Б. Исеновтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 06-13/783-И ұсынысы.
Вице-министр Б. Молдабеков