Лицензияның күшiн тоқтату туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Зауре Ерболатовна Бекжановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылғы 26 маусымда берілген № 18012658 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус З.Е. Бекжанованың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус З.Е. Бекжанованың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус З.Е. Бекжанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Алматы аудандық сотының 02.03.2023 жылғы шешімі, Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 мамырдағы қаулысы.

 

 Вице-министр                                                                   Б. Молдабеков

Дата публикации
21 июня 2023