«Таза парақтан» реттеу шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды талдау нәтижелері бойынша зияткерлік меншік саласындағы кейбір нормативтік құқықтық және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысы туралы

Мемлекет басшысы 2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «таза парақтан» реттеуді енгізуді тапсырды, бұл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясатты көздейді.

Осы жұмысты жүргізу шеңберінде ҚР Әділет министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуымен сараптамалық жұмыс тобымен бірлесіп
2022 жылғы шілде – қыркүйекте зияткерлік меншік саласындағы реттеушілік актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңы, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңы, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы және зияткерлік меншік саласындағы Әділет министрінің 4 бұйрығы) талдау (қайта қарау) жүргізді, оның нәтижелері бойынша 64 талап анықталды, оның ішінде заңнаманың өзгертуге жататын 14 талабы белгіленді.

Атап айтқанда, келесі нормалар өзгертуге ұсынылды:

  1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңында:

- авторлық тапсырыс шарты шеңберінде авторларға сыйақы төлеу шарттарын нақтылауға қатысты (33-баптың 2-тармағы).

- коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы фонограмма жасаушы мен орындаушының келiсiмiнсiз пайдалану кезінде сыйақы мөлшерiн және оны төлеу жағдайларын айқындауға қатысты (39-баптың 3-тармағы).

- мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасудан бас тартуын нақтылауға қатысты (44-баптың 2-тармағы).

  1. ҚР Патент Заңында (16-баптың 2-тармағы, 17-баптың 2-тармағы, 18-баптың 2-тармағы, 19-баптың 2-тармағы), «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңында (9-баптың 2-тармағы, 9-баптың 4-тармағы), «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңында (11-баптың 1-тармағы, 11-баптың 3-тармағы), «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңында (5-баптың 3-тармағы) өнеркәсіптік меншік объектілерін (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары интегралдық микросхемалар топологиялар, селекциялық жетістіктер) тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына берілетін құжаттарға қойылатын талаптарды нақтылауға қатысты, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңында (29-баптың 3-тармағы) географиялық нұсқамаларға өтінімдер бойынша тиісті қорытындылар беретін мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау бойынша.
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы
    10 қыркүйектегі № 461 бұйрығымен бекітілген Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта (17-тармақ) жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер үшін сыйақы төлеуге арналған қаражат мөлшері шартпен белгілеу бөлігінде.

ҚР Әділет министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен жоғарыдағы Нұсқаулықтың тармағына мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның сыйақы төлеуге арналған қаражат мөлшерін белгілеу бөлігінде нақтылау сипаттағы өзгеріс енгізілді.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Премьер-Министрі
А.А. Смайыловтың тапсырмасын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ҚР Президент Әкімшілігімен келесіліген «таза парақтан» реттеуді енгізу шеңберінде кейбір заңнамалық актілерге реттеуші актілерді талдау қорытындылары бойынша әзірленген түзетулердің Бірыңғай пулын әзірледі.

Осылайша 2023 жылғы 6 сәуірде ҚР Ұлттық экономика бірінші
вице-министрі Т.М. Жақсылықовтың төрағалығымен өткен кеңестің нәтижелері бойынша өзгертуге жататын Заң талаптар саны 13-тен 4-ке дейін қысқарды.

Сонымен бірге, 2023 жылғы 13 сәуірде Әділет министрлігіне ҚР Президенті Әкімшілігінің «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңына 2 түзету – ҚР Жоғарғы Соттың келісілген ұстанымы жоқтығы (39-баптың 3-тармағы, 44-баптың 2-тармағы), ҚР Азаматтық кодексінің шарттар жасасу түзетудің еркіндігіндегі жалпы қағидатына түзетудің қайшылығы (44-баптың 2-тармағы) бойынша ескертулері келіп түсті.

ҚР Жоғарғы Сотпен, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және ҚР Президент Әкімшілігімен келісу қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген түзетулер алынып тасталды, талаптар саны 2-ге дейін қысқартылды.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңында авторға авансты төлеу (33-баптың 2-тармағы) және «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңында (29-баптың 3-тармағы) географиялық нұсқамаларға өтінімдер бойынша тиісті қорытындылар беретін мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау бойынша түзетулер ҚР Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына енгізілді.

Дата публикации
19 июня 2023