Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
12-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
14-тармақта:
16) тармақша алып тасталсын;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдауға байланысты жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қағидаларын және мөлшерін бекіту;»;
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту;»;
73) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 114-1), 114-2), 114-3), 114-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«114-1) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдардың келісімі бойынша туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту;
114-2) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісім бойынша орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту;
114-3) туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
114-4) орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға ең төмен сыйақы мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту;»;
118) тармақша алып тасталсын;
135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«135) Ішкі істер органымен бірлесіп сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 135-1) тармақшамен толықтырылсын:
«135-1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«178) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық кеңес беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары мен мөлшерлерін бекіту;»;
185) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«185) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
196) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«196) әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеуден және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;»;
204), 205) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«204) біліктілігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сот сараптамалары мен сараптамалық мамандықтар түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
205) сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 234-1) тармақшамен толықтырылсын:
«234-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша сот сарапшылары үшін кәсіби стандартты әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау;»;
257) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«257) саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының, саяси партия мүшелерінің тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 258), 259), 260), 260-1), 261), 262), 263), 264), 265), 265-1), 266), 267), 268), 269), 270), 271) тармақшалармен толықтырылсын:
«258) әділет органдарының цифрлық трансформациясын жүргізу;
259) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін, мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдауды жүргізу;
260) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту;
260-1) заңнамалық актілердің уақытылы іске асырылуын, оның ішінде заңға тәуелді актілердің әзірленуі мен қабылдануын бақылау;
261) мемлекеттік органдардың үлгілік функцияларын айқындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту;
262) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бектіу;
263) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту;
264) құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
265) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту;
265-1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту;
266) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту;
267) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыру қағидаларын бекіту;
268) туу туралы куәліктердің үлгісін, ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін бекіту;
269) туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту;
270) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының стандартты үлгілерін сақтау, есепке алу, пайдалану және жою тәртібін бекіту;
271) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов