«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.В. Громовтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.В. Громовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаменті 2023 жылғы 12 маусымдағы № 1-05/16606 ұсынуы және Астана қаласының азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының 2023 жылғы 9 маусымдағы ұйғарымы.
Вице-министр Б. Молдабеков