Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары осы бұйрыққа сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

     Министр                                                                                          А. Есқараев

Дата публикации
14 июня 2023