Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.
Қоғамдық талқылау 2023 жылдың 12-26 маусым аралығында өтеді (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14604567).