Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы
3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы
7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылғы 8 желтоқсанда Галия Алтынбековна Бадыханға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 11003166 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
- Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус
Г.А. Бадыханның назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 26.05.2023 жылғы № 2-05/,1 ұсынысы, Г.А. Бадыханның 23.05.2023 жылғы арызы.
Вице-министр Б. Молдабеков