Ағымдағы жылдың маусым айында патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу жоспарлануда.
Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған зияткерлік меншік саласындағы халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Тестілеу 100 сұрақтан тұрады (өнертабыстар мен пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді, тауар белгілерін, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау мәселелері бойынша). Тестілеуден өту үшін 70 сұраққа дұрыс жауап беру қажет.
Патенттік сенім білдірілген өкіл оның аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматы болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібі Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларында айқындалады (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығымен бекітілген).
Аттестаттаудан өту үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
2) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізуге арналған мәліметтер;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат (15 АЕК).
Аттестаттаудан өту кезінде және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн алу үшiн кандидат «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы келесi құжаттарды жолдайды:
1) кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрiндегi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiн алу үшiн өтiнiш;
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелгенi үшiн мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат (1 АЕК).
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгi үш жұмыс күнi iшiнде беріледі.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмге куәлiк алған патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң және олардың алдағы уақыттағы өзгерiстерi туралы мәлiметтерi енгiзiледi. Тiзiлiм уәкiлеттi органмен жүргiзiледi және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.