2023 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Әділет органдары қызметкерлері мен азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру үшін 2023 жылғы бес ай қорытындысы бойынша аумақтық әділет органдары бұқаралық ақпарат құралдарында 350-ден астам сөз сөйледі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілді.

Жыл сайын Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді,  оның ішінде «Жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» («Коррупция – болезнь, борьба с ней – наш долг») қағидатын санаға сіңіре отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру бойынша ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинарды арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері, орта мектептердің оқушылары арасында өткізу, сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сияқты іс-шаралар көзделген (жоспар МО ИРБП-да орналастырылған).

Аталған жоспарды орындау мақсатында әділет органдары қызметкерлері ағымдағы жылғы бес айында оқу орындарында 52 семинар және дәрістер өткізген.

2023 жылы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК қызметтерінде сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі әзірленуде.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында (квазимемлекеттік сектор субъектілерінде) қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған тұрақты жұмыс жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын жауапты қызметкерлер белгіленген.

Ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс - қимылға бағытталған бірқатар құжаттар қабылданып, ресми интернет ресурсында  жарияланған.

Дата публикации
01 июня 2023