№ 339 от 25.05.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Сухраб Рустамович Тешабаевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 6 қазанда берілген № 14014901 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Шымкент қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.Р. Тешабаевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус С.Р. Тешабаевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Р. Тешабаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 16.03.2023 жылғы шешімі (заңды күшіне енген 28.04.2023 ж.).
Вице-министр Б. Молдабеков