№ 335 от 25.05.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айжан Серикказыновна Жанабаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 13 наурызда берілген № 15004843 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Абай облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Жанабаеваның назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.С. Жанабаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.С. Жанабаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 22.02.2023 жылғы шешімі, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 мамырдағы қаулысы.
Вице-министр Б. Молдабеков