Лицензиялар беру туралы

№ 319 от 19.05.2023 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының  8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Сергей Александрович Лыпенкоға.

Прокурор және тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілімен прокуратура және тергеу органдарынан босатылған:

Жанат Кенжегалиевич Амодиловқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

2. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Абай Сыдыкович Кожабековке;

Ринат Уразгалиевич Сагимбаевқа;

Маликахон Гафуржановна Бахрамоваға;

Адель Мурзабековне Кульбаеваға;

Бекзат Болысбекұлы Балабаевқа;

Айым Тлеуовна Жумабаеваға;

Асия Минхановна Кожебаеваға;

Талғат Алимжанұлы Исаковқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.

4. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.

 

 

Қазақстан Республикасының

Вице-министрі                                                                             Б. Молдабеков                       

Дата публикации
23 мая 2023