Лицензияны қайта ресімдеу туралы

№ 303 от 15.05.2023 

Қазақстан  Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»  Заңының   33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Тегін және әкесінің атын өзгертуіне байланысты, Баян Набиевна Камалидиноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылдың 6 мамырда берілген № 14006256 мемлекеттік лицензиясы Баян Набиға қайта ресімделсін.

2. 2014 жылдың 6 мамырдағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 17008918 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.

3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Вице-министр                                                                             Б. Молдабеков

Дата публикации
23 мая 2023