Лицензияның күшін тоқтату туралы

№ 314 от 18.05.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылғы 14 қаңтарда Жанна Куантаевна Есмурзаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0003218 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Ақтөбе облысы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.К. Есмурзаеваның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус Ж.К. Есмурзаеваның мөрін жою ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: 2023 жылғы 1 ақпандағы №1598-22-00-1/41 Ақтөбе облысының мамандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімі, 2023 жылғы 12 сәуірдегі №1599-23-00-1а/51 қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы және 2023 жылғы 11 мамырдағы №05-04/5159 Ақтөбе облысының Әділет департаментінің ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                               Б. Молдабеков

Дата публикации
19 мая 2023