Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 313 от 18.05.2023 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульшахра Нурлановна Касеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы 23 сәуірде берілген № 21016359 мемлекеттік лицензияның қолданысы алты айға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Н. Касенованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Н. Касенованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаменті 2022 жылғы 15 мамырдағы № 1-05/4617-И ұсынуы және 2023 жылғы 2 мамырындағы Астана қаласы Есіл аудандық сотының ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                               Б. Молдабеков

Дата публикации
19 мая 2023