№ 288 от 05.05.2023
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылдың 13 тамызында Динара Кабиолдакызы Битимбаеваға берілген №13012790 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 1 қарашасына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаментіне:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.К.Битимбаеваның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус Д.К.Битимбаеваның мөрін жоюды.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: 2023 жылдың 26 сәуіріндегі Д.К.Битимбаеваның арызы және Алматы қаласы Әділет департаментінің 2023 жылдың 3 мамырындағы 07-07/2757-И ұсынысы.
Вице-министр Б. Молдабеков