Лицензияны қайта ресімдеу туралы

№ 276 от 03.05.2023 

Қазақстан  Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»  Заңының   33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Тегін және әкесінің атын өзгертуіне байланысты, Марал Сайлаубаевна Бекбатыроваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылдың 14 наурызда берілген № 0001868  мемлекеттік лицензиясы Марал Сайлаубайға ресімделсін.

2. 2008 жылдың 14 наурыздағы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001868 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.

3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Вице-министр                                                                             Б. Молдабеков

Дата публикации
05 мая 2023