№ 275 от 03.05.2023
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін және әкесінің атын өзгертуіне байланысты, Алия Айдаровна Кулубековаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылдың 7 мамырда берілген № 0004828 мемлекеттік лицензиясы Алия Эдгарға ресімделсін.
2. 2003 жылдың 7 мамырдағы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004828 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр Б. Молдабеков