2023 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы

№ 273 от 03.05.2023 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17723 болып тіркелді) және «Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18998 болып тіркелді), БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1 - 11 қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Абай, Жетісу облыстары мен Астана қаласы әділет департаменттерінің 2023 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Абай, Жетісу облыстары мен Астана қаласы әділет департаменттерінің басшылары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды өткізуді бекітілген тізімге сәйкес қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңқызметін ұйымдастыру департаменті 2023 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі                                                                                    А.Н. Есқараев       

Каз
Дата публикации
04 мая 2023